23 қаң, 2026 сағат 10:43

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілінде сөйледі

Фото: Baq.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қазақ тілінде бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Дипломат сөзін қазақ тілінде бастап, бұл қызметті атқару өзі үшін үлкен құрмет екенін айтты.

– Құрметті достар, әріптестер және қазақстандықтар! Менің атым Джули Стаффт. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып қызмет ету мен үшін үлкен құрмет, – деді ол.


Бейнежазбада елші сөзін ағылшын тілінде жалғастырып, алдағы жоспарлары туралы баяндады. 

Атап айтқанда, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты мәдениет пен білімнен бастап, сауда мен жасанды интеллектіге дейінгі түрлі салаларда одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.