22 сәу, 2024 сағат 11:11

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оның бұл ерсі әрекеті көпқабатты үйдің дәлізінде орнатылған камераға түсіп қалған. Кадрлардан ер адам әйелдің қолын бұрап, аузын жауып тұрғанын көруге болады. Осыдан кейін бұл ісін ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізу үшін айналасына қарайды.

Ер адам әйелді лифтке күштеп кіргізіп, шашынан тартып, жұлқылайды, ал балалардың шыңғырып жылап жатқан даусы естіледі. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел ер адамды қуып жібереді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайттың Ақтауда болғанын растады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.