Фото: ашық дереккөз
Белгілі актриса Аружан Жазылбекова мен оның жары, «Zamandas» подкастының жүргізушілерінің бірі Ержан Алдабергенов тұңғыш рет ата-ана атанды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жұп арнайы жариялаған видеода Аружанның жүктіліктің соңғы кезеңінде жүрген сәттері көрсетілген.
Желі қолданушыларын ерекше әсерлендірген жайт — нәрестенің туған күні.
Жұптың айтуынша, кішкентай қыз әкесінің «сүйікті санын» дәл тауып, 11.11.2025 күні дүниеге келген.
«Нағыз әкешімнің қызымын деп, оның бақытты санын таңдадың. Осы күні біздің Сара дүниеге келді», — деп жазды олар.
Айта кетейік, Аружан мен Ержанның қарым-қатынасы туралы алғаш рет 2021 жылы сыбыс шықты. Екеуі сол кездері бірге түскен фотоларымен жиі көзге түсетін. 2022 жылы Ержан Алдабергенов сүйіктісіне Көлсайда ұсыныс жасап, сол сәт әлеуметтік желілерде кең тараған еді. Бұл — Аружан Жазылбекованың екінші некесі. Бұған дейін ол режиссер Ахат Ыбраевқа тұрмысқа шыққан, олардың некесі 2018 жылы аяқталған.
