07 там, 2025 сағат 17:13

Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Қайғылы оқиға Абай облысы Жарбұлақ ауылы маңындағы Алакөлде болды. 17 жастағы жасөспірім катерден суға секіріп, көпшіліктің көз алдында батып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, бозбала құтқару желетін кимеген. Қазір катер иесіне қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткені және абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.