Париж 2024 XVII Жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті, Францияның Қазақстандағы Елшілігі және Esentai Mall сауда орталығы бірлесіп «Рухы мықты» фотокөрмесін ашты. Көрме аясында отандық Allur зауытында шығарылған JAC Sunray шағын автобусының кілті Қазақстан Пара волейбол федерациясына табыс етілді.
Көрме Esentai Mall сауда орталығында 14 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында өтеді. Экспозиция пара спортқа және паралимпиада қозғалысының құндылықтарына: батылдық, теңдік, жігер мен шабытқа арналған жиырма беске жуық фотосуреттерді қамтиды.
Көрмеде жиырма бес қазақстандық пара спортшылардың портреттер сериясы ұсынылған, олардың көпшілігі Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын лицензиаттар. Портреттерді 2024 жылдың мамыр айында Астана мен Таразда екі атақты кәсіби фотограф: француз Дидье Эшлар мен қазақстандық Оспан Али түсірген. Әрбір фотосуретте спортшы және оның жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілген.
Allur компаниясының өкілі Нариман Бектуров:
«Біз үшін әлемнің басты спорт мерекесі қарсаңында ҚР Паралимпиадалық волейбол бойынша құрамасына қолдау көрсету үлкен мәртебе. Біз спортшыларымызды үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және олардың жеңіске жету жолы, оқу-жаттығуды ұйымдастыру – тиімді болғанын қалаймыз. Біздің компания корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясының маңызды бөлігі болып табылатын отандық спорт түрлерін – футбол, үстел теннисі, триатлон, хоккей, велоспортты дамытуға ықпал көрсетуге қуанышты. Біз жетістікті көздейтін қоғамды қолдаймыз. Паралимпиадашыларға жарқын өнер көрсетуді тілейміз! Сіздер үшін бүкіл ел жанкүйер!».
Отырып ойнайтын волейбол бойынша ерлер құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов өз ризашылығын білдірді:
«Мен Allur компаниясына пара спортты дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамын. JAC автобусын біздің команда үшін логистиканы және оқу процессін ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартатын болады. Бұл қолдау әсіресе Парижде өтетін Паралимпиада ойындары қарсаңында өте құнды және бізге тиімдірек дайындалып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Демеушілердің қатысуы бізді жаңа жеңістерге шабыттандырады және параспорттың маңыздылығын көрсетеді».