25 сәу, 2025 сағат 16:00

Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазып, «Қымбат» деп аталатын жаңа әнін көп ұзамай ұсынатынын және тыңдармандарына жүрекжарды үндеу жолдады.

"Қымбаттылар! Жуырда жаңа әнім жарыққа шығады. Сіздердің әнге деген қолдауларыңызды күтемін", – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.


Әншінің айтуынша, «Қымбат» – оның өмір жолын және жүрегіндегі терең сезімдерін бейнелейтін туынды. Жанкүйерлер тарапынан жаңа әнге деген қызығушылық күн санап артып келеді.