19 ақп, 2025 сағат 12:06

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Қалалық ТЖД мәліметінше, Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесінің бойындағы қойма отқа оранған.

"Қатты түтін тараған. Бұл өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр", - дейді құтқарушылар.


Өрт алдын-ала болжам бойынша 3000 шаршы метр аумақта оқшауланды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері жақын орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимарат пен тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймаларды қорғап қалуға мүмкіндік берді.