Фото: ашық дереккөз
Ботаникалық бақта көктемнің ең көркем өсімдігінің бірі – Каллери алмұрты «Шантеклер» гүлдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл ағаштардан жасалған әсем арка қазір нағыз аппақ туннельге ұқсайды.
Каллери алмұрты «Шантеклер» – алғаш Еуропаға жіберген қытайтанушы Жозеф-Мари Каллеридің құрметіне аталған сәндік ағаш. Биіктігі 10-15 метрге жетеді, бұтақтары тік әрі сымбатты.
"«Шантеклер» әдемі ғана емес, сонымен қатар, төзімді – аяз бен қуаңшылыққа шыдамды, топырақ талғамайды және жүз жылдан астам өмір сүреді.
Қазір оның жанында көктемнің ең асыға күтетін гүлдерінің бірі магнолия да гүлдеп жатыр. Үлкен, нәзік қызғылт және ақ бүршіктері көз тартады.
Магнолия бірнеше апта ғана гүлдейді, сондықтан бұл көруге тұрарлық көрініс", - делінген әкімдік хабарламасында.