19 мау, 2025 сағат 10:25

Алматыда орынсыз пранк жасаған жігіт 10 тәулікке қамауға алынды

Желіде жас жігіт пен қыздың қоқыс тастап, тазалықшы әйелді балағаттап жатқан видеосы тарады. Кейін мұның пранк екенін айтып, кешірім сұрап, жәбірленушіге ақша береді. Бұл видео жұртшылықтың наразылығын тудырды.

Азаматтардың жеке басы анықталып, материалдар сотқа берілді. Іс қаралған соң, жастар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Ал ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.