25 шіл, 2025 сағат 16:08

Amre Димаш Құдайбергеннің әнін орындап, тыңдарманның ықыласына бөленді

Қазақстандық әнші Amre Димаш Құдайбергеннің "Аққуым" әнін орындады, деп хабарлайды Ult.kz.

"Тыңдап, пікіріңізді жазып кетерсіз. Осы орайда Димашқа және де әннің авторларына өз алғысымды айтамын. Туынды қалай? Ұнады ма?", - деп жазды әнші.


Көпшілік әншінің каверін жылы қабылдады.

Айта кетейік, Amre Ресейде өтетін халықаралық музыкалық «Интервидение – 2025» байқауына Қазақстанның атынан қатысады.