Әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттерді бейнелейтін видеоролик таралуына байланысты ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Анықталғандай, аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі. Оның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ.
Видеороликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген.
Ресми органдар БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі.
