09 мау, 2025 сағат 10:59

Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр

Фото: Kazpravda.kz

Биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, 13 жыл бойы жүргізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанды тазарту алғаш рет жүргізіліп жатыр.