Фото: видеодан кадр
Астанада қаңырап тұрған Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді, деп хабарлайды Ult.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Байқоңыр ауданындағы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильоннан өрт шыққан. Оқиға орнына елордалық өрт сөндірушілер жетіп, жоғары дайындық тәртібінде жұмыс істеуде.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Фото: ТЖМ
Айта кетейік, Cinema City ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылып, шамамен 10 жыл жұмыс істеген. Сол кезеңде ол Астанадағы ең танымал демалыс орындарының бірі болған.
