2 маусымда кешке елордадағы Самал ықшам ауданында жол апаты болды. Жолаушылар таситын автобус хабарландыру таблосы ілінген бағанға соғылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға орнына бірнеше жедел медициналық жәрдем бригадасы жетіп, көмек көрсетті. Жарақат алған 10-нан аса адам бірден ауруханаға жеткізілген. Біреуіне шұғыл ота жасалды.
Полиция басқармасының хабарлауынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
