10 қар, 2025 сағат 14:41

Қазақстандықтар жылдық мөлшерлемесі 1 пайызбен ипотека ала алады


Фото: informburo.kz

Қазақстанда "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясындағы жылдық 1 пайызбен берілетін ипотекалық несиеге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Ult.kz. Бұл туралы ақпаратты «Отбасы банк» өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Бұл бағдарлама арқылы өз мамандығыңызбен ауылда еңбек етіп, баспанаға қол жеткізіп, туған өңіріңіздің дамуына үлес қоса аласыз.

 Бағдарлама не береді:

• көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК;
• тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1%);
• максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты);
• несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Кімдер қатыса алады:

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

 Қатысу шарттары:

• техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;
• несие алған мамандар кемінде 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті;
• бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

 Қалай өтінім беруге болады:

1. Ауылдық жерде бос жұмыс орнын табыңыз немесе жергілікті әкімдікке хабарласыңыз.
2.Baspana Market платформасында тіркеліңіз.
3.Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.