15 нау, 2026 сағат 12:51

Бас прокуратура: "Референдум кезінде заңбұзушылықтар тіркелген жоқ"


Фото: Ортком
Бас прокуратура референдум кезінде заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

 Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Караманов референдумда дауыс беру үдерісі заң аясында өтіп жатқанын айтты.

"Референдум кезінде заңдылықты қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда", – деді Караманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

 
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше басшылық және командалық құрам – тәулік бойы кезекшілік атқарады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелері алдын ала тексерілді.

Сонымен қатар учаскелердің техникалық қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы қаралып, барлық учаскелер тәулік бойы бақылауға алынды.

"Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай – тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі – азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", – деді Шыңғыс Әлекешев.