08 мам, 2026 сағат 16:58

Алматыда дрифт жасап, жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды


Фото: Polisia.kz


Алматыда агрессивті жүргізу мен қауіпті маневрлерге қарсы күрес күшейтіліп, дрифт жасаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.


Қалалық полицияның мәліметінше, өткен демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған екі жүргізуші анықталған. Оларға бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.


Сот шешімімен құқық бұзушылардың бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, екіншісіне айыппұл салынды.

Полиция агрессивті жүргізудің әрбір фактісі назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Мұндай құқық бұзушылықтарға кешенді түрде құқықтық баға беріліп, кінәлілер толық жауапкершілікке тартылады.


Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, жолдағы дрифт пен агрессивті жүргізу азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.


«Қоғамдық жолдарда “шеберлік” көрсету әрекеттері міндетті түрде заң алдында жауап берумен аяқталады. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады», – деді ол.



Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.