27 мам, 2025 сағат 15:27

Димаш Құдайбергеннің челленджінде мектеп директоры жеңімпаз атанды

Фото: ашық дереккөз

Осыдан біраз уақыт бұрын Димаш Құдайберген "Тау ішінде" әні мен бейнебаянының шығуына орай, әлеуметтік желіде челлендж жариялаған болатын. Кешегі фан-кездесуде челлендждің жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әнін түрлі форматта орындап, ерекше креатив көрсетті.

Солардың арасынан ерекше көзге түскен – Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза. Ол оқушыларымен бірге әсерлі бейнеролик түсіріп, ең көп қаралым жинаған қатысушы ретінде челлендж жеңімпазы атанды.

Жүлде –  әншінің Еуропадағы концерт турына жолдама болды.