13 мам, 2019 сағат 08:17

Димаштың Мәскеудегі концерті (толық видео)

Димаш Құдайбергеннің Кремльде өткен концертінің толық видеосы желіде жарияланды.

Димаштың жеке ән кеші 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өткен болатын. Әлемнің 56 елінен қазақ әншісінің тыңдармандары Ресей астанасына жиналды.

Димаш әр тілдерде танымал туындыларды орындап, қазақ тілінде ән шырқағанда залда Қазақстанның туы желбіреп тұрды. Ал "Елім менің" әнін орындаған кезде жүрек пішінді шарларды ұшырды.

Сонымен қатар, Димаш фанаттарын тағы бір өнерімен таңғалдырды: ол домбырамен Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйін орындап берді.

Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.