11 там, 2025 сағат 09:13

Дженнифер Лопес Алматы сахнасында: аншлаг және 20 мыңнан астам шат көңілді көрермен

Кеше Алматының Орталық стадионында жылдың басты музыкалық оқиғалардың бірі Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы концерті өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Әнші бұл турмен алғаш рет Қазақстанға келіп, әуелі Астанада өнер көрсетті. Енді жанкүйерлердің көптен күткен өтініші бойынша Алматыға табан тіреп отыр. Стадионда 20 мыңнан астам көрермен жиналған, олардың қатарында 35-тен аса елден келген мыңдаған шетелдік турист бар.

Таңнан бері мерекелік көңіл-күй сезілді: көше артистері мен көңілді маскоттар қонақтарды қарсы алып, қала қызметтері мен еріктілер тазалық пен тәртіпті сақтады.

Ұйымдастырушылар, күзет, полиция және еріктілер барлық қонаққа жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, кешті шын мәнінде жарқын да ұмытылмас сәтке айналдырды.