01 там, 2025 сағат 13:14

Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әлемге әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопес мінген ұшақ қонды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әншінің Қазақстанға келу мақсаты – елордада өтетін концертке қатысу. Бұл өнерсүйер қауым көптен күткен мәдени шаралардың бірі болмақ.

Лопесті әуежайдан арнайы делегация қарсы алып, оның Астанадағы уақытын жайлы өткізу үшін барлық жағдай жасалды.

Дженнифер Лопестің Астана Аренадағы концерті бүгін, 1 шілдеде өтеді. Осыған байланысты Астанада жол қозғалысы шектелетінін жазғанбыз.