13 нау, 2026 сағат 17:15

Екібастұзда үйде жасырын алкоголь цехы анықталды: жүздеген литр заңсыз өнім тәркіленді


Фото: pexels


Екібастұз қаласында тұрғын өз үйінде заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех ұйымдастырғаны анықталды, – деп хабарлайды Ult.kz.


"Тексеру барысында полиция үйде 139 пластик бөтелке белгісіз сұйықтықпен, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба, алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) жасауға арналған аппарат және спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар тапты. Тауарға белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылғанымен, акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.


Полиция заңсыз алкоголь өндірісі мен оған арналған құралдарды сақтаудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.


Екібастұз тұрғыны өз үйінде жасырын алкоголь цехын ашып, жүздеген литр өнім өндірген. Полиция заңсыз өндіріс құралдарын тәркіледі.