26 қаң, 2026 сағат 12:01

Геннадий Головкинді Ташкентте жоғары деңгейде қарсы алды

Геннадий Головкин Ташкентке келді. Қазақстандық боксшыны әуежайда өзбек спорт қауымдастығының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ult.kz.

GGG-ді әйгілі футбол төрешісі, Өзбекстан футбол федерациясы басшыларының бірі Равшан Ирматов, сондай-ақ Өзбекстан бокс федерациясының президенті, Asian Boxing вице-президенті Сәкен Полатов күтіп алды. Сонымен қатар Геннадий Головкиннің Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Отабек Умаровпен кездескен сәті түсірілген видео да жарияланды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкентке Азия Олимпиадалық кеңесінің ассамблеясына қатысу үшін келген.