04 қар, 2025 сағат 16:40

Instagram-ның ресми аккаунты қазақстандық саяхатшының видеосын жариялады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Видеоны жариялаған ресми парақша жазбасында Қазақстанның кең даласы туралы жазылған.

"Frolicking in the fields of Kazakhstan (Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін)".


Instagram-ның ресми парақшасының 696 миллион жазылушысы бар. Олардың қатарында Цукерберг пен басқа да танымал тұлғалар бар. Қазақстанның ғажайып табиғаты бейнеленген ролик 37.5 миллионнан астам қаралым жинады.

Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахим — Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген саяхатшы-блогер. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ Алматы облысының көрікті жерлерінен түсірілген бейнежазбалар да бар.