Фото: ашық дереккөз
Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің маршруттарына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Авиакомпания мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарындағы рейстер Иран аумағын айналып ұшады. Компания жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Сондай-ақ Air Astana жолаушыларды рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруге шақырды. Әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті.
