04 там, 2025 сағат 18:05

Камчаткада 500 жыл ұйқыда жатқан вулкан оянды

Фото: видеодан кадр

Камчатка түбегінде соңғы рет XV ғасырда атқылаған Крашенинникова вулканы қайтадан белсенділік танытты, деп хабарлайды Ult.kz.

Ғалымдардың мәліметінше, аталған вулкан шамамен 460 жыл бұрын, яғни XV ғасырдың ортасында соңғы рет атқылаған. 2025 жылғы 3 тамызда сағат 04:50-де (Астана уақытымен 2 тамызда сағат 21:50) ол қайтадан оянып, биіктігі 3–4 шақырымға дейін күл бағанын аспанға көтерген. Кейін бұл көрсеткіш 5–6 шақырымға дейін жетті. Атқылау салдарынан Кроноцкий қорығының бір бөлігі күлмен жабылды.

Мамандардың айтуынша, вулканның белсенділігі төмен биіктікте ұшатын әуе көліктеріне қауіп төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар, Камчаткадағы ең биік әрі белсенді вулкан — Ключевская сопкада да соңғы күндері атқылау күшейіп отыр. Оңтүстік-батыс беткейден ағып жатқан лава 2,7 шақырымға созылған. Бұл вулкан үш күн бұрын болған күшті жер сілкінісінен кейін атқылай бастаған.

Соңғы тәулікте Камчаткада магнитудасы 3,2–6,2 аралығындағы 146 афтершок тіркелді. Қазір өңірде бірден бірнеше вулкан – Безымянный, Шивелуч, Ключевский және Карымский – белсенді күйде. Сондай-ақ Камбальный вулканында сейсмикалық белсенділік байқалуда, бұл да кез келген уақытта жарылысқа себеп болуы мүмкін.

Сахалин облысында төрт мәрте цунами толқыны тіркелді. Сонымен қатар Жапония, Гавайи, Чили, Эквадор, Перу, Мексика және Қытайда цунами қаупіне байланысты ескерту жарияланды.