Фото: Pexels.com
Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдай мен азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген қатерге байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінде, сондай-ақ оларға жақын аймақтарда ұшуларды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл тыйым қазақстандық әуе кемелеріне, оның ішінде барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қатысты.
"Нұсқаулық дереу күшіне енеді және міндетті түрде орындалуы тиіс. Қауіпті аймақтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты, авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат беретін болады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолға алуда", - делінген хабарламада.