12 мау, 2025 сағат 17:01

Қазақстанда әлемдегі өте сирек кездесетін жыртқыштың балапандары табылды

Фото: ашық дереккөз

"Ертіс орманы" резерватының кезекті дала жұмыстары барысында мамандар Қызыл кітапқа енген Қарақұс (Aquila heliaca) құсының ұясын тауып, оның ішінде сау балапандардың өсіп жатқанын байқады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қарақұс — Қазақстандағы сирек жыртқыш құстардың бірі. Жойылып кету қаупі төнгендіктен, құстар халықаралық деңгейде қорғалады.