09 қыр, 2025 сағат 18:12

Қазақстанда магистратура мен докторантураға қабылдау қорытындысы жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде магистратура мен докторантураға қабылдау науқанының нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Магистратура бойынша:

  • Биыл кешенді тестілеуге 51 мыңнан аса өтінім түсті (өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мыңға көп).

  • Тестілеуге қатысқан 47 798 үміткердің 23 065-і шекті балды еңсерді.

  • Орташа балл – 72,9.

  • Мемлекеттік грант саны – 13 554. Оның ішінде:

    • инженерлік-техникалық бағыттар – 3 338,

    • педагогикалық ғылымдар – 3 225,

    • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1 315,

    • жаратылыстану ғылымдары – 1 268.

Докторантура бойынша:

  • Қабылдау сынақтарына 4 307 адам қатысты.

  • 3 146 үміткер ғылыми ізденіс жолын жалғастыру құқығын алды.

  • 2025–2026 оқу жылына 2 919 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде:

    • педагогикалық ғылымдарға – 486,

    • инженерлік және құрылыс салаларына – 615,

    • ақпараттық-коммуникациялық технологияларға – 161 грант.

Айта кетейік, докторантураға қабылдау рәсімі бүгінде толықтай жоғары оқу орындарының құзыретінде. Бұл университеттердің академиялық дербестігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам саналады.

Жаңа оқу жылындағы көрсеткіштер – қазақстандық жастардың ғылым мен білімге деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетіп отыр.