Фото: видеодан скриншот
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов отандық телеарналардың бірінде қонақ болып, мектеп бағдарламасынан келген сұрақтарға жауап бере алмай ұятқа қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қойылған оншақты сұрақтың ешбіріне жауап бере алмаған Қуат оларды өмірінде алғаш естігендей кейіп танытты.
Әсіресе, жүргізуші Қайрат Әділгерейдің «Қазақ тілінде неше септік бар?» деген сұрағына ол «Септік деген не?» деп жауап беріп, көрермендердің күлкісіне қалды.
Сонан соң Астанадағы ең биік ғимарат жайлы сұраққа да дұрыс жауап бере алмай, «Керуен» деді. Одан бөлек теңгенің айналымға енген уақытын да, «Гамлеттің» авторын да атай алмады.
