Құлсары қаласындағы Махамбет Өтемісұлы даңғылында газды-ауалы қоспаның жарылысы орын алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жалын газ құю бекетін, үш бір қабатты үй мен жақын маңдағы екі қабатты ғимаратты шарпыған.
"Оқиға орнынан бірден 60 адамнан және 10 техника бірлігінен тұратын ТЖД мен МЕӨҚҚ күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта алапат өртті сөндіру және газ таситын цистернаны суыту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарын оқшаулау және қауіпті аймақтан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 14 адам зардап шекті, олардың екеуі қайтыс болды. Өрт шалған аудан мен оның шығу себептері анықталуда", делінген хабарламада.
