08 мам, 2026 сағат 13:56

Құрылтай және депутат мәртебесі: жаңа заң жобасы Мәжілісте қолдау тапты

Фото: gov.kz

Парламент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев, ал Сенаттан – Айнұр Арғынбекова, Нұрлан Бекназаров, Серік Өтешов және Ғалиасқар Сарыбаев кірді. Комиссия төрағасы болып Марат Башимов сайланды.