12 мам, 2025 сағат 15:52

Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы тағы да бейнетұзаққа түсті

«Көлсай көлдері» МҰТП аумағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы тағы да бейнетұзаққа түсті, деп хабарлайды Ult.kz.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюы түсті.

"Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қоңыр аюлардың ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді", - делінген парк хабарламасында. 


Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.