13 қар, 2025 сағат 17:20

Марат Омаров "Анашым" әнін неліктен Нұрлан Өнербаевқа орындатпайтынын түсіндірді

Фото: Bairaqmedia.kz

Ел аузында жүрген "Анашым" әнін енді Нұрлан Өнербаев орындамайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Телеарналардың бірінде берген сұхбатында әншінің бұған композитор Марат Омаровтың өтініші себеп болғанын айтқан.

Халық бұл әнді 37 жыл бойы Нұрлан Өнербаевтың репертуарынан естіген. Алайда Омаров әннің авторы ретінде ескерілмейтініне ренішін жасырмады.

«Көпшілік бұл әнді Нұрланның жеке әні деп ойлайды. Караокелерде де солай көрсетілген. Әннің сөзін жазған Қайрат Жұмағалиевтің қызы да “әкемнің аты аталмайды” деп өкінішін білдірді. Нұрланның дауысын сыйлаймын, бірақ авторды атау оны ешқашан кемітпейді. Мен оған тыйым салған жоқпын, тек «егер концерттерде авторды атамайтын болсаң, бұл әнді айтпағаның дұрыс» дедім. Халық «Анашым» әнін Нұрланның өзінікі деп ойлайды», – деді Марат Омаров Bugin Live бағдарламасында.