13 мам, 2025 сағат 22:12

«Миллиноға сатып, миллиардқа сатып алған»: Депутат Астанада сатылған жер телімі туралы анықтауды талап етті


Фото: mercury.kz

Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Керуен» сауда үйінің жанынан күмәнді жолмен  сатылған жер теліміне қатысты шағымданды, деп хабарлайды Ult.kz.

Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутат Асқар Смағұлов даулы келісімшарттың мән-жайын айтты. 2022 жылы жекеменшіктен тәркіленген  игерілмеген жер телімі 2023 жылы аукционда 176 млн. теңгеге сатылған. Ал төрт айдан кейін қала билігі скверге бөлінген бұл жерді  қайтадан 1,08 млрд. теңгеге сатып алғысы келген. 

«Біріншіден, сіздер скверді әлі сатып алынбаған бөтен жер теліміне салғансыздар деген сөз. Екіншіден, 2022 жылы жекеменшіктен игерілмеген жер телімін тәркілейміз. Ал егер оны төрт айдан кейін қайта сатып алатын болсақ, 2023 жылы оны аукцион арқылы сатуға қандай қажеттілік туды?» ‒ деді депутат.


Смағұлов инсайдерлік ақпараттың шындығын тексеріп, неліктен жер телімі құнының бірден бес екеге өсіріп сатылғанын тексеру үшін Бас Прокуратураға шағымданатынын айтты. 

Депутат Владислав Сергеев осы жерге сквер салу мәселесін тұрғындар үш жыл бұрын көтергенін айтып, билік өкілдерінің аяқ асты қабылдаған шешім екеніне күмән туғызды. 

Астана әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов аукцион кезінде сквер салу туралы соңғы шешім әлі қабылданбағынын айтты.