Фото: ашық дереккөз
2025 жылы "Наурыз" бағдарламасымен 8600 адам баспаналы болды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
"Біздің статистика бойынша "Наурыз" бағдарламасы бойынша 55-60 пайыз Астана мен Алматыны таңдап отыр. 2025 жылы 8600 адам баспаналы болды. Қаңтар айында тағы 1 мың адам үй алды. Бүгін сағат 09.00-ден бастап "Баспана маркет" ашық. Өтініштер тапсырып жатыр. Тағы да 9 мың отбасы 2026 жылдың арасында баспаналы болады деп сенеміз", – деді Ләззат Ибрагимова журналистердің сауалына берген жауабында.
