Өскеменде мектептер онлайн оқыту форматына көшті. Қазгидромет өңірде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелгенін хабарлады.
Ауа сынамалары нәтижесінде көміртегі тотығы мен күкірт диоксиді мөлшері шекті деңгейден асқаны анықталды.
Мамандар тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
