10 мам, 2024 сағат 12:19

Париж Олимпиадасы: Францияда алау эстафетасы басталды

Францияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды, деп хабарлады Euronews.

Эстафета елдің оңтүстігіндегі Марсель қаласына "Белем" желкенді қайығымен Грекиядан жеткізілген. Франция аумағында алауды франциялық суда жүзуші, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Флоран Маноду қабылдап алды. Бұл салтанатты рәсімді 50 мыңға жуық адам тамашалады. 

Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 50 лицензиясы бар.