07 қаз, 2025 сағат 17:46

Павел Дуров шомылуға тыйым салынған Көлсай көлінде суға түсті

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстандағы «Көлсай көлі» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында суға түсті, деп хабарлайды Ult.kz.

Павел Дуров Астанада өткен Digital Bridge форумынан кейін, Алматыға барған көрінеді. Instagram-дағы стористерінде Көлсай көлінде түскен бейнежазбасын жариялады.

«Жақсы жүздік»  деп жазды Дуров.