Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның өтпегені қалай анықталатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ult.kz.
— Заңға сәйкес, референдумға қатысуға тізімдегі сайлаушылардың кемінде 50%-ы келуі тиіс. Сонымен қатар, республикадағы өңірлердің үштен екісінде де қатысушылар саны 50%-дан асуы қажет. Дауыс бергендердің 50%-дан астамы "қолдау" көрсетуі керек. Егер осы талаптардың бірі де орындалмаса, референдум өтпеді деп есептеледі, — деді Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, референдумды өткізу кезінде Қазақстан заңнамасын бұзу фактілері бойынша 54 дерек тіркелген.
