06 мам, 2025 сағат 16:55

Ресей Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевтың Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы құжаттарды жариялады


Фото: almaty-akshamy.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы құжаттарын  Ресейдің Қорғаныс министрлігі жариялады. Бұл туралы Ресейдің "1 каналына" сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
 
Құжатта қарауыл сержантының марапаттау парағы және екінші дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылғаны туралы мәлімет бар.

Ерлік туралы мәліметтер: 1945 жылдың қаңтары, Польша территориясы. Немістер біздің позицияларымызға қарсы шабуыл жасап, жау кері қуылды. Тоқаев жаудың позициясына бірінші болып кіріп, вермахттың бес солдатын өлтіріп, біреуін тұтқынға алды. Ол аяғынан жарақат алды, бірақ жолдастарына оралды. «Ерлігі үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ағасы да майданда шайқасқаны белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағасы Ржев түбіндегі ұрыста қаза тапқан.

Айта кетейік, Президент Тоқаев 9 мамырда Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін шеруге қатысады.