01 сәу, 2024 сағат 20:10

Ресей құтқарушылары Алтай өлкесінің тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда

Фото: Ресей ТЖМ


Ресейдің Алтай аймағында 500-ге жуық ғимаратты су басты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Су тасқыны наурыз айының соңында басталды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, көшуге мәжбүр болған тұрғындар үшін уақытша орналастыру орталықтары құрылды. Алтай өлкесінің билігі алапат су тасқыны қыстағы ауа райының қалыптан тыс жағдайларынан болғанын айтты.


Басында қар өте аз жауды, қатты аяз болды, жер әдеттегіден 50-70 сантиметрге, ал кей жерлерде 1-1,2 метрге қалың қатты. Мұз қыртысы қалыңдап, жер бетінде қалың тоң қабат пайда болды, ол судың сіңуіне жол бермеді, - деді губернатор Виктор Томенко.


Одан кейін жылы ауа райы күрт аязға ауысты дейді ол. 


Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 9 жол учаскесіне шектеу енгізілді. Үш уақытша орналастыру орталығында 165 адам бар. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ жағдай үнемі дронмен бақылануда.