29 нау, 2024 сағат 15:25

Sensata ірі құрылыс компаниясы Бишімбаев пен оның серіктестерінің бақылауында болған

Скриншот

Ірі құрылыс компаниясы Sensata бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның серіктестерінің бақылауында болған, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


«Менің білуімше, бұл ғимарат («Гастро-центр») Қуандық пен оның серіктестеріне, сондай-ақ «Sensata» компаниясына тиесілі, мұнда Бақытжан (Байжанов, Бишімбаевтың туысы, «Гастро-центр» директоры ) негізін қалаушы болды. Мен пәтер алған кезде Бақытжан шағын жеңілдік жасады», - деді Айтым Амангелді жұма күні сотта.


Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым Амангелді қарындасын Бишімбаев айуандықпен өлтірді деп айыптайды. 


Сонымен қатар, прокурор Бишімбаев пен Байжановтың қарым-қатынасын сұрады.


«Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын, тек пәтерге қатысты барлық нұсқауларды Байжанов орындаған, ал Sensata бойынша бәрі Байжанов арқылы өткен», - деді А.Амангелді.


Ал Sensata мәліметіне сәйкес, ол премиум, бизнес және комфорт класындағы тұрғын үйлерді салуға маманданған.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. 2024 жылдың 8 қаңтарында экс-министр Бишімбаевты айуандықпен өлтірді деп айыпталып отыр. Ал айыпталушы Бишімбаев өз кінәсін мойындамайды.