Фото: Ашық дереккөзден
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автомұнара аударылып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kz.
"26 тамыз сағат 14:30-да оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автомұнара аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Жұмысты мердігер ұйым "КРС Астана " ЖШС жүргізіп жатқан. Қайтыс болғандар "КРС Астана" ЖШС жұмысшылары болған. Бұл жайттың себебін жұмыс тобы анықтап жатыр", – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.
Зауыт қазір қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
