24 сәу, 2024 сағат 16:55

Су тасқыны кезіндегі ақша жымқыру бойынша жаңа мәлімет белгілі болды

Фото:gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігі төраға орынбасары Жеңіс Елемесов су тасқыны кезінде ақша жымқыру бойынша қозғалған қылмыстық істер туралы айтты деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Гидроқұрылыстар салуға бөлінген бюджет ақшасы бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Олар - Ұлытау, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстары. Бұл қылмыстық істердің көп бөлігі "бюджет қаражатын ұрлау" дерегі бойынша тіркелген. Аталған жағдайдың біреуі бөгеттерге заңсыз қызмет көрсеткені үшін айып тағылған", - деді Денис Елемесов Мәжіліс кулуарында.


Агенттік төрағасының орынбасарының айтуынша ұрлықтың жалпы сомасы шамамен 1 миллиард теңге болады және күдіктілер тиісті тендерлерді алған кәсіпкерлер, сонымен қатар жұмыстың аяқталуы туралы куәлікке қол қоюға қатысқан лауазымды тұлғалар.

Денис Елемесовтың сөзінше ұрланған ақшаның су тасқыны басталғанға дейін гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстауға бөлінген. Яғни, ұрланған қаражат тасқынның салдарын жоюға бөлінген 140 миллиард теңгеге қатысы жоқ.

"Бұл бұрын Қазақстан аумағындағы гидроқұрылыстарды қолдауға бөлінген ақша. Ал қазір бөлінген ақша - 140 миллиард теңге, өз өкілетіміз шеңберінде міндетті түрде тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын, тиісті қаржылық мониторингті жүргізетін боламыз, мұндай жағдай болмас үшін қадағалаймыз, тәуекелдерді барынша азайтамыз", - деді агенттік өкілі.


Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, басқа мәлімет бермеді.