03 ақп, 2026 сағат 11:31

Талдықорғанда ер адам әйелі мен үш жасар баласын аяусыз соққыға жыққан

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас болған. Жанжал кезінде ол әйелін де ұрған. Қыздың жағдайы нашарлаған кезде анасы жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер анасы мен баланы Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» арнасына медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында»,- деді полиция.