Фото: politico.kz
Таяуда Қазақстанның ұялы телефон операторлары – Altel, Tele2 и Beeline ұялы телефонның абонент төлемін 20-пайызға өсіретіндігін мәлімдеді. Яғни, аталған операторлар интернеттің де тарифін 20-пайызға өсіретінін мәлімдеді. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов бұл халықтың қалтасына ауыр тиетінін айтты. Ол халықтың басым бөлігі ұяты телефон пайдаланғандықтан ақпарат шыққалы еліміздің әр өңірінен сайлаушылар хабарласып, әлеуметтік желілерде, қабылдау бөлмелерінде өздерінің шағымдарын білдіріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Фото: Мәжіліс
ҚР Премьер-Министрі О.А.Бектенов пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Омаровқа жолдаған депутатық сауалында ол елдегі телоператорлардың бұл қадамы – миллиондаған қазақстандықтың қалтасына салмақ салатын шешім екенін айтты. Өйткені, бүгінде телефон мен интернет – халықтың ақпаратқа қолы жеткізуі, жұмыспен қамтылуы, кәсіпкерлік жүргізуі, баланың білім алуы, мемлекетпен байланыс орнатуы үшін ең маңызды құрал. Яғни тарифтің көтерілуі қарапайым отбасылардың бюджетіне ғана емес, олардың өмір сүру сапасына қол сұғу деп бағалауға тура келеді.
"Ең қызығы – үш ірі оператордың тарифтерді бірдей көлемде, бір уақытта қымбаттатуы қоғамда үлкен күмән тудыруда. Бұл — компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, үйлесімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе? «Байтал түгіл бас қайғы» дегендей, осындай қадамдардан кейін «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасын ойлаудың өзі мұң болып қалды...", - деді ол.
Депутат бұл қарапайым тұтынушылардың құқығын таптау деп есептейді.Себебі: баға өседі, бірақ нарықта балама оператор жоқ, яғни тұтынушы таңдау мүмкіндігінен айырылады. Нәтижесінде, абоненттерге бажсыз (жай ғана бағаны келісіп көтеру арқылы) жоғары ақы төлеу міндеттеледі.
2023 жылдан бері байланыс тарифтері 7–57пайыз аралығында қымбаттапты. Қазақстанда 26,3 миллион мобильді жазылым бар – бұл халық санынан да көп. 18,8 миллион азамат мобильді интернетке тәуелді.
Дәл қазір қоғамда операторлар нарықтағы өзінің үстемдігін пайдалана отырып, монополиялық келісім жасауы ықтимал деген пікір өрттей қаулап тұр", - деген Әшімжанов AMANAT Фракциясы Агенттік келесі қадамдарды жасау қажет деп есептейтінін айтты:
1. Интернетті жеткізу, тарату секторларын монополиялық келісім фактілері бағытында кешенді тексеру жүргізу қажет.
2. Үкімет ұялы байланыс нарығын монополиядан арылту шараларын қолға алуы керек. Бұл ретте, мемлекетің қауіпсіздігі мен тұтынушылар мүддесі бірінші кезекте ескерілуі тиіс.
3. Ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыру үшін мүлдем мобильді интернеті жоқ ауылдаға желіні жеткізу
бойынша нақты жол картасын даярлау.
4. Аталған компаниялар өздерінің ұялы телефон интернет нарығындағы үстем жағдайын пайдалан отырып, өзара баға жөніндегі келісімнің бар-жоқтығын анықтау керек.
5. Аталған компаниялар ұялы телефон, интернет нарығына заңсыз ерекше құқықа ие. Бұл ерекше құқықты бұзу үшін осы нарықтағы нарығына басқа қатысушыларды енгізу қажет, яғни бәсекелестікті арттыру керек.
Аталған шаралар Президент Тоқаев атап өткендей «бағаны тұрақтандырудың» басты факторы болады.
"Бұл цифрлар — мобильді байланыс қазір жай қызмет емес, елдің цифрлық тұтастығын ұстап тұрған стратегиялық ресурс екенін дәлелдейді. Яғни бағаның тұрақсыздығы — экономикалық қана емес, аса үлкен әлеуметтік қауіптің де белгісі", - деп отыр депутат.
