АҚШ президенті Дональд Трамп журналистер арқылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдап, оның жақсы адам екенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Трамп бұл туралы 7 қыркүйек күні ерлер арасындағы теннистен АҚШ ашық чемпионатының финалына бару үшін Ақ үйден шығып бара жатып айтты. Тілшілердің бірі одан Қазақстан туралы не ойлайтынын және “алдағы уақытта Қазақстанға бару жоспарында бар ма” деп сұрады.
Президент Қазақстанға баруы мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Тоқаевпен мазмұнды әңгіме өткізгенін айтты.
“Сәлем айтыңыз! Президенттеріңіз өте жақсы адам”, – деді Трамп.
