Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.
81 жастағы қария қираған үйдің астынан құтқарылғанымен, алған жарақаттарынан қайтыс болған. Қазір 300-ден астам құтқарушы мен 79 техника іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қираған.
Айта кетейік, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Эпицентрі – Сындыргы ауданы.
