28 қаз, 2025 сағат 10:35

Түркияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды (ВИДЕО)

Фото: Oxu.Az

Жерасты дүмпуі Балыкесир провинциясындағы Сындыргы қаласының маңында жергілікті уақыт бойынша 22:48-де тіркелген. Бұл туралы Түркияның Апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы 5,99 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Салдарынан бірнеше ғимарат қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.